АО Kaspi Group

29.05.2013

«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) акционерлері үшін 2013 жылғы 27 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама

«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) акционерлерінің назарына

2013 жылғы 27 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысын хабарлаймыз.
1499999 дауыс беруші акцияларды иеленетін акционердің (Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 99,99993%) өкілі қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

1. Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

Жиналыстың күн тәртібі:

  1. Акционерлердің «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты білдірген өтініштері туралы мәселені қарау;
  2. «CaspianFinancialGroup» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың 2012 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  3. 2012 жылғы таза табысты бөлу тәртібін (резервтік капиталды қалыптастыру және басқа аударымдар) және 2013 жылға арналған табыстарды бөлу нормативтерін бекіту;
  4. «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың 2012 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша бір жай акцияға есептегенде дивидендтердің мөлшерлерін, төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
  5. 2013 жылы «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп)АҚ-та аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.

«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.

2. Акционерлердің «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты өтініштерінің түспегені назарға алынсын.

«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.

3. «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың аудиторының Есептері ескеріліп, «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың 2012 жылғы қаржылық есептілігі, соның ішінде:
  • «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың және оның еншілес кәсіпорны «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы шоғырландырылған есеп;
  • «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың және оның еншілес кәсіпорны «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы шоғырландырылған бухгалтерлік балансы бекітілсін.

«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.

4. 2012 жылғы таза табысты бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін (резервтік капиталдың қалыптасуы және өзге де аударымдар):

Көрсеткіш

мың тг

2012 жылғы таза пайдасы

123 211

Резервтік капиталға аударымдар

0

Артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу

2012 ж. 1 тоқсан үшін– 5
2012 ж. 2 тоқсан үшін – 55 000
2012 ж. 3 тоқсан үшін – 5
2012 ж. 4 тоқсан үшін – 5

Жай акциялар бойынша дивиденд төлеу

Төлемеу

2013 жылға таза табысты бөлудің мына тәртібі мен нормативтері бекітілсін:

Көрсеткіш

Норматив

Таза табыс

факті бойынша

Резервтік капиталға аударымдар

2013 жылғы қызмет қорытындысы бойынша

Артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу

Тоқсанына бір артықшылықты акцияға кемінде
0,01 теңге есебінен

Жай акциялар бойынша дивиденд төлеу

2013 жылғы қызмет қорытындысы бойынша

«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.

5. 2012 жылдың қорытындысымен жай акциялар бойынша дивиденд төленбесін.
«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ Бас директоры «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 23-бабына сәйкес жай акциялар бойынша дивиденд төленбейтіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.

6. 2013 жылы «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып «Делойт» ЖШС анықталсын. «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ Директорлар кеңесіне 2013 жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізгені үшін «Делойт» ЖШС-ға төленетін сыйақы мөлшерін анықтау тапсырылсын.

«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.