АО Kaspi Group

03.06.2013

«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ акционерлері үшін Қоғамның меншікті артықшылықты акцияларды сатып алуы туралы ақпараттық хабарлама

«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың акционерлерінің назарына!

«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі, 86, ЖСК KZ67722S000000004165, БСК CASPKZKA, «KASPI BANK» АҚ, КБе – 17, СТН 620300007943, БСН 060240016519, телефон: 8 (727) 295-25-75, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 26-бабынынң 4-тармағына сәйкес өзінің орналастырылған артықшылықты акцияларын төмендегі талаптарды сатып алу туралы хабарлайды:

  1. Қоғамның сатып алатын орналастырылған акцияларының саны орналастырылған акциялардың жалпы санының 25%-нан аспайды және 30 000 (отыз мың) дананы құрайды, ол 1,53%-ды құрайды.
  2. ҰСН: KZ1P58280119
  3. Баға белгілеу: «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-ның жалғыз құрылтайшысының 12.08.2010 жылғы шешімімен бекітілген Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесіне және Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне сәйкес. 7-тарау – «Есеп айырысу бағасы бойынша сатып алу».
  4. 1 акцияның бағасы: 132 500 (Жүз отыз екі мың бес жүз) теңге
  5. Жалпы сома Қоғамның 03.06.2013 жылғы жағдай бойынша меншікті капиталының мөлшерінің 10%-нан аспайды және 3 975 000 000 (Үш миллиард тоғыз жүз жетпіс бес миллион) теңгені құрайды.
  6. Мерзімі: 2 айдың ішінде.