АО Kaspi Group

20.01.2014

ХАБАРЛАМА

«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (Атқарушы органның орналасқан жері: 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі, 86) 2014ж. 20 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де мына мекенжайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлайды: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А». Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн – 2014 ж. 20 қаңтар.

Күн тәртібінде:

  1. «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  2. «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ атауын өзгерту;
  3. Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.

Акционерлер танысу үшін күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдарды 2014 жылғы 10 ақпаннан бастап мына мекенжайдан алуға болады: 050012, Алматы қ., Амангелді к-і, 86. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркейтін уақыт – 2014 ж. 20 ақпан күні 9 сағат 30 минуттан бастап. Кворум болмай қалған жағдайда, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2014 жылғы 21 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де мына мекенжайда қайта өткізіледі: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға әрі онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған адам қоғамның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі тиіс.