АО Kaspi Group

10.10.2012

«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ (бұдан әрі – CFG) осы арқылы 2012 жылдың 15 қазанында CFG бұған дейінгі тіркеушісі болып келген «Қор орталығы» АҚ CFG бағалы қағаздарының ұстаушылары тізілімінің жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды «Бірыңғай бағалы қағаздар тіркеушісі» АҚ-на (бұдан әрі – Бірыңғай тіркеуші) өткізгендігін хабарлайды.

Бұған дейін CFG 2012 жылдың 10 қазанда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша Бірыңғай тіркеушімен шарт бекітілгендігі туралы хабарлаған болатын.

Осыған байланысты CFG өз акционерлерін Бірыңғай тіркеушіде ашылған жеке шоттар бойынша операциялар жүргізу үшін (тіркелген тұлға туралы мәліметтерді өзгерту, жеке шоттан үзінді алу, бағалы қағаздарды жеке шоттан есептен шығару /жеке шотқа есепке алу және басқа да операциялар) мына төменде көрсетілген деректемелер бойынша жолығу қажет екендігін ескертеді:

- мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 141, «Бірыңғай бағалы қағаздар тіркеушісі» АҚ;
- байланыс телефоны: 8 (727) 272 69 40, Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жүргізу бөлімі;
- e-mail: info@tisr.kz.

Бірыңғай тіркеушінің құрылтай құжаттарымен, ережелер жиынтығымен, сондай-ақ тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша операция жүргізу туралы бұйрықтар нысанымен және Бірыңғай тіркеушінің қызметі туралы өзге ақпаратпен Тіркеушінің www.tisr.kz ресми сайтынан танысуға болады.

Осы орайда, CFG акционерлерінен Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 15-бабына сәйкес акционерлер қоғам тіркеушісін және акционердің өзіне тиесілі акциялардың номиналдық ұстаушысын қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу үшін қажетті мәліметтердегі өзгерістер туралы 10 (он) күннің ішінде хабардар ету міндетті екендігі қарастырылғандығына назар аударуды сұраймыз. Сондықтан Бірыңғай тіркеушінің тізілімдер жүйесіндегі өз мәліметтеріңіздің әрекет ету күйінде болуын қадағалауды, өйткені бұл CFG акциялары бойынша толығымен және уақытылы төлем алып отыру үшін қажет екендігін ескертеміз.