АО Kaspi Group

04.04.2018

«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлеріне 2018 жылғы бірінші тоқсан үшін Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді мерзімінен бұрын төлеу туралы ақпараттық хабарлама

«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлерінің назарына!

«Kaspi Group» (Каспи Групп) акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А», ЖСК KZ67722S000001102884, БСК CASPKZKA, «KASPI BANK» АҚ, КБе – 15, БСН 060240016519, телефон: (727) 356-34-23, 2018 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша артықшылықты акциялар бойынша бір артықшылықты акцияға 0,01 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы хабарлайды. Дивидендтерді төлеу басталатын күн – 2018 жылғы 09 сәуір. Төлем ақшаны акционерлердің банктік шоттарына аудару арқылы жасалады.