02.07.2018
Kaspi Group АҚ акционерлеріне 2018 жылғы екінші тоқсан үшін Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді мерзімінен бұрын төлеу туралы ақпараттық хабарлама
Kaspi Group АҚ акционерлерінің назарына!
Kaspi Group акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А», ЖСК KZ67722S000001102884, БСК CASPKZKA, «KASPI BANK» АҚ, КБе – 15, БСН 060240016519, телефон: (727) 356-34-23, 2018 жылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша артықшылықты акциялар бойынша бір артықшылықты акцияға 0,01 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы хабарлайды. Дивидендтерді төлеу басталатын күн – 2018 жылғы 05 шілде. Төлем ақшаны акционерлердің банктік шоттарына аудару арқылы жасалады.