АО Kaspi Group

25.04.2013

ХАБАРЛАМА

«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (Атқарушы органның орналасқан жері: 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі, 86) 2013 жылғы 27 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың 2012 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн – 2013 жылғы 26 сәуір.

Күн тәртібінде:

  1. «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  2. Акционерлердің «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне арналған өтініштеріндегі мәселелерді қарау.
  3. «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың 2012 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
  4. 2012 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін (резервтік капитал мен басқа да аударымдарды қалыптастыру) және 2013 жылғы кірістерді бөлу нормативтерін бекіту.
  5. «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың 2012 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша бір артықшылықты акцияға есептегенде дивиденд мөлшерін, оны төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту.
  6. 2013 жылы «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-да аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.

Акционерлер танысу үшін күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдарды 2013 жылғы 16 мамырдан бастап мына мекенжайдан алуына болады: 050012, Алматы қ., Амангелді к-сі, 86. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркейтін уақыт – 2013 жылғы 27 мамырда 9 сағат 30 минуттан бастап. Кворум болмай қалған жағдайда, акционерлердің қайта өткізілетін жылдық жалпы жиналысы 2013 жылғы 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де мына мекенжайда қайта өткізіледі: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға әрі онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған адам қоғамның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі тиіс.