20.02.2014
«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ акционерлеріне арналған 2014 жылғы 20 ақпанда өткізілген акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама
«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ акционерлерінің назарына2014 жылғы 20 ақпанда өткен акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысын хабарлаймыз. 1499999 дауыс беруші акцияларды иеленетін акционер (Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 99,99993%) өкілі қатысты.
1. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
- Акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
Жиналыстың күн тәртібі:
- «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
- «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ атауын өзгерту.
- Жарғыны жаңа редакцияда бекіту.
2. «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ атауын «Kaspi group» (Каспи групп) АҚ етіп өзгерту. Атауды өзгертуге байланысты Бас директорға «Kaspi group» (Каспи групп) АҚ-ны қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуге уәкілеттілік беру.
3. «Kaspi group» (Каспи групп) АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.
Бас директорға «Kaspi group» (Каспи групп) АҚ Жарғысының жаңа редакциясына қол қою уәкілеттілігін беру және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес оны ұсынылған редакцияда қайта тіркеу.
Дауыс беру қорытындысы
«Жақтаушылар» - 1 499 999 дауыс.