АО Kaspi Group

28.04.2014

ХАБАРЛАМА

«Kaspi Group»(Каспи Групп) акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (Атқарушы органның орналасқан жері: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А») 2014ж. 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де мына мекенжайда «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ 2013 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлайды: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А». Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн – 2014 ж. 26 мамыр.

Күн тәртібінде:

  1. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  2. Акционерлердің «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне арналған өтініштері туралы мәселені қарау;
  3. «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-ның 2013 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  4. 2013ж. таза кірісті бөлу тәртібін бекіту;
  5. «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ 2013 жылғы қызмет қорытындысы бойынша бір жай акцияға есептегенде дивидендтердің мөлшерін, төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
  6. Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау;
  7. 2014 жылы «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-ға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;
  8. Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесін және Акциялардың құнын оларды «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ сатып алған кезде анықтау әдістемесін жаңа редакцияда бекіту.

Акционерлер танысу үшін күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдарды 2014 жылғы 16 мамырдан бастап мына мекенжайдан алуға болады: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А». Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркейтін уақыт – 2014 жылғы 28 мамырда 9 сағат 30 минуттан бастап. Кворум болмай қалған жағдайда, акционерлердің қайта өткізілетін жылдық жалпы жиналысы 2014 жылғы 29 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де мына мекенжайда қайта өткізіледі: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға әрі онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған адам қоғамның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі тиіс.