30.05.2014
«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлері үшін 2014 жылғы 28 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама
«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың акционерлерінің назарына
2014 жылғы 28 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысын хабарлаймыз.
1499999 дауыс беруші акцияларды иеленеген акционер (Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 99,99993%) қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
1. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
Жиналыстың күн тәртібі:
- «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
- Акционерлердің «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты білдірген өтініштері туралы мәселелерді қарау;
- «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың 2013 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
- 2013 жылғы таза табысты бөлу тәртібін бекіту;
- «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-тың 2013 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша бір жай акцияға есептегенде дивидендтердің мөлшерлерін, төлеу тәртібін мен мерзімдерін бекіту;
- Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау;
- 2014 жылы «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-тың қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;
- Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесін және акциялардың құнын оларды «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ сатып алған кезде анықтау әдістемесін жаңа редакцияда бекіту.
«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.
2. «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ акционерлерінің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты білдірген өтініштерінің жоқ екені жөніндегі ақпарат назарға алынсын.
«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.
3. Аудитордың Есептерін ескеріп, «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-тың және оның еншілес ұйымы «Kaspi Bank» АҚ-тың 2013 жылғы шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі бекітілсін
«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.
4. 2013 жылғы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
Көрсеткіш | мың тг |
2013 жылғы таза пайда | 13 240 803 |
Резервтік капиталға аударымдар | 0 |
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу | 2013 ж. 1-тоқсан үшін – 5 2013 ж. 2-тоқсан үшін – 4 2013 ж. 3-тоқсан үшін – 4 2013жг. 4-тоқсан үшін – 4 |
Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу | Төленбесін |
2013 жылдың нәтижесі бойынша «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-тың таза табысын бөлудің мынадай нормативтері бекітілсін:
Көрсеткіш | Норматив |
Таза табыс | Факті бойынша |
Резервтік капиталға аударымдар | 0 |
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу | Бір тоқсанда бір артықшылықты акцияға кемінде 0,01 теңге есебінен |
Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу | 2014 жылғы қызметтің қорытындысы бойынша |
«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.
5. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төленбесін.
«Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ Бас директоры «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес жай акциялар бойынша дивидендтер төленбейтіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.
6. Директорлар кеңесінің 4 (төрт) мүшесінен Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамы анықталсын.
«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.
7. 2014 жылы «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып «Делойт» ЖШС анықталсын. «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ Директорлар кеңесіне 2014 жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізгені үшін «Делойт» ЖШС-ға төленетін сыйақы мөлшерін анықтау тапсырылсын. «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ Бас директорына «Делойт» ЖШС-мен 2014 жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізуге арналған шартқа қол қою тапсырылсын.
«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.
8. Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесі және акциялардың құнын оларды «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ сатып алған кезде анықтау әдістемесі жаңа редакцияда бекітілсін.
«Жақтаушылар» - 1499999 дауыс.