АО Kaspi Group

28.04.2015

ХАБАРЛАМА

«Kaspi Group» (Каспи Групп) акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (Атқарушы органның орналасқан жері: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А») 2015 ж. 29 мамырда жергілікті уақытпен сағат 10-00-де 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың 2014 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша акционерлердің жалпы жылдық жиналысы өтетіні туралы хабарлайды. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн – 2015 жылғы 25 мамырда.

Күн тәртібінде:

  1. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  2. Акционерлердің «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ пен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне жүгінуі туралы мәселелерді қарау;
  3. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың 2014 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  4. 2014 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту;
  5. 2014 жылғы «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ қызметінің қорытындылары бойынша бір жай акцияға есептегенде, дивидендтердің мөлшерлерін, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
  6. 2014 жылғы «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ қызметінің қорытындылары бойынша бір артықшылықты акцияға есептегенде, дивидендтердің мөлшерлерін, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
  7. «Kaspi Group» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор мәртебесі бар мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  8. Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау;
  9. 2015 жылы «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.

2015 ж. 18 мамырдан бастап акционерлер танысу үшін күн тәртібінің сұрақтары жөніндегі материалдар 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында қолжетімді болады. Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу 2015 ж. 29 мамырда сағат 9.30 минуттан басталады. Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің екінші жалпы жылдық жиналысы 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында 2015 ж. 30 мамырда жергілікті уақытпен сағат 10-00-де өткізіледі.

Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болу керек.

Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.