01.06.2015
«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлеріне арналған 2015 жылғы 29 мамырда өткізілген акционерлердің Жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама
«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлерінің назарына
2015 жылғы 29 мамырда өткізілген акционерлердің Жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы хабарлаймыз.
1 498 484 дауыс беруші акцияларды (Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 99,8989%) иеленетін акционер қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
1. Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
Жиналыстың күн тәртібі:
- «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
- «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне жүгінуі туралы мәселелерді қарау.
- «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың 2014 ж. жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
- 2014 ж. таза табысты бөлу тәртібін бекіту.
- «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың 2014 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша бір жай акцияға есептегенде, дивидендтердің мөлшерлерін, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту.
- «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор мәртебесі бар мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау.
- 2015 жылы «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-та аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды айқындау.
«Жақтаушылар» - 1 498 484 дауыс
2. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлерінің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне жүгінуінің жоқтығы туралы ақпаратты назарға алу.
«Жақтаушылар» - 1 498 484 дауыс
3. Аудитордың Есептері ескерілгенде, «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-тың және оның «Kaspi Bank» АҚ еншілес ұйымының 2014 жылғы шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін бекіту.
«Жақтаушылар» - 1 498 484 дауыс
4. 2014 ж. нәтижелер бойынша «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-тың таза кірісін бөлудің мына тәртібі бекітілсін:
2014 жылғы нәтижелер бойынша «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-тың
таза кірісін бөлу жөніндегі ұсыныс
Көрсеткіш | Мың .тг. |
2014 жылғы таза табыс |
18 703 |
Резервтік капиталға аударымдар | 0 |
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу | 2014 ж. 1-тоқсан үшін – 4 2014 ж. 2-тоқсан үшін – 4 2014 ж. 3-тоқсан үшін – 4 2014 ж. 4-тоқсан үшін – 4 |
Жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу | Төленбесін |
«Жақтаушылар» - 1 498 484 дауыс
5. 2014 жылғы қорытындылар бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төленбесін.
«Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ Бас директоры шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ-тың Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жай акциялар бойынша дивидендтердің төленбейтіні туралы ақпаратты жарияласын.
«Жақтаушылар» - 1 498 484 дауыс
6. Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор мәртебесі бар мүшесі Дзодзуашвили Арчилдің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
«Жақтаушылар» - 1 498 484 дауыс
7. Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамы Директорлар кеңесінің 3 (үш) мүшесінен айқындалсын.
«Жақтаушылар» - 1 498 484 дауыс
8. «Делойт» ЖШС – 2015 жылы «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-та аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып айқындалсын. «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ Директорлар кеңесіне 2015 ж. қорытындысы бойынша аудит жүргізгені үшін «Делойт» ЖШС-ның сыйақысының мөлшерін айқындау тапсырылсын. «Kaspi Group»(Каспи Групп) Бас директорына «Делойт» ЖШС-мен 2014 ж. қорытындысы бойынша аудит жүргізуге арналған шартқа қол қою тапсырылсын.
«Жақтаушылар» -1 498 484 дауыс