АО Kaspi Group

10.06.2015

ХАБАРЛАМА

«Kaspi Group» (Каспи Групп) акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (Атқарушы органның орналасқан жері: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А») 2015ж. 10 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 10-00-де 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында кезектен тыс жалпы жиналыстың өтетіні туралы хабарлайды. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалатын күн – 2015ж. 07 шілде.

Күн тәртібінде:

  1. «Kaspi Group»(Каспи Групп) АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

  2. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың жарғысының өзгерістері мен толықтыруларын бекіту туралы.

2015ж. 30 маусымнан бастап акционерлер танысу үшін күн тәртібінің сұрақтары жөніндегі материалдар 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында қолжетімді болады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2015ж. 30 маусымда сағат 9.30 минуттан басталады. Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің екінші кезектен тыс жалпы жиналысы 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында 2015 ж. 13 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 10-00-де өткізіледі.

Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болу керек
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.