АО Kaspi Group

10.06.2015

«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлеріне арналған 2015 жылғы 10 шілдеде өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама

«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлерінің назарына
2015 жылғы 10 шілдеде өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы хабарлаймыз.

1 498 484 дауыс беруші акцияларды (Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 99,8989%) иеленетін акционер қатысты.
400 000 артықшылықты акцияны (Қоғамның сатып алынған акцияларын шегеріп тастағанда, орналастырылған акцияларының жалпы санының 100%) иеленетін акционер қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

1. Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

Жиналыстың күн тәртібі:

  1. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  2. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ жарғысының өзгерістері мен толықтыруларын бекіту.

«Жақтаушылар» - 1 498 484 дауыс

2. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ Жарғысының өзгерістері мен толықтырулары бекітілсін

Жарғының 8.5.-тармағы мына редакцияда жазылсын: «8.5. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер әрқайсысы сәйкесінше 31 наурызда, 30 маусымда, 30 қыркүйекте және 31 желтоқсанда аяқталатын әр тоқсанның қорытындысы бойынша жылына кемінде 4 рет төленеді. Директорлар кеңесі артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді мерзімінен бұрын немесе кезектен тыс төлеу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Тиісті кезең үшін артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер тиісті тоқсанның соңғы айы аяқталғаннан кейін немесе Директорлар кеңесі шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік 35 (отыз бес) күннен кешіктірмей төленуі керек. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімі басталғанға дейін 5 жұмыс күні ішінде Қоғам осы Жарғыда айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарына төмендегі мәліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлеу туралы ақпаратты жариялауға міндетті:

  1. Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және өзге деректемелері;
  2. Дивидендтер төленетін кезең;
  3. Қоғамның бір артықшылықты акциясына есептегенде дивиденд мөлшері;
  4. Дивидендтер төленетін күн;
  5. Дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны».

Бас директорға «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ Жарғысының өзгерістері мен толықтыруларына қол қою және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ұсынылған редакцияда өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу өкілеттігі берілсін.

«Жақтаушылар» - 1 898 484 дауыс
(соның ішінде: жай акциялар бойынша 1 498 484 және артықшылықты акциялар бойынша 400 000 дауыс)