АО Kaspi Group

10.10.2012

«Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ (бұдан әрі – «CFG») мен «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ (бұдан әрі – Бірыңғай тіркеуші) арасында 2012 жылғы 10 қазанда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша шарт (бұдан әрі - Шарт) бекітілді.

CFG мен Бірыңғай тіркеуші арасында бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі Шарт «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес бекітіліп отыр. Оған сәйкес Бірыңғай тіркеуші 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асырушы жалғыз ұйым болып табылады.

CFG бірыңғай тіркеушінің қызмет көрсетуіне іс жүзінде көшуі туралы қосымша хабарланатын болады.