28.09.2015
Акционерлерге арналған «Kaspi Group» (Каспи Групп) акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) акциялары шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат
18.09.2015ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қоғамның акциялары шығарылымының проспектісіне №8 өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеді:
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер әрқайсысы сәйкесінше 31 наурызда, 30 маусымда, 30 қыркүйекте және 31 желтоқсанда аяқталатын әр тоқсанның қорытындысы бойынша жылына кемінде 4 рет төленеді. Директорлар кеңесі артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді мерзімінен бұрын немесе кезектен тыс төлеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.