24.05.2016
«Kaspi Group» (Каспи Групп) акционерлік қоғамының жалғыз акционерінің шешімі
Шешім қабылдау орны: Алматы қ., Бостандық ауданы, Наурызбай батыр к-сі, 154А
«kaspi» АҚ (Қоғам), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Наурызбай батыр к-сі, 154 «А», тіркеу нөмірі №8278-1910-01-АО, мемлекеттік қайта тіркелген күні 17.10.2014 ж., БСН 081040010463, атынан Жарғының және Директорлар кеңесінің шешімінің негізінде әрекет ететін Бас директоры Диденко Ю.
ШЕШТІ:
1. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың 2015 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігі, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін.
2. «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың жай акциялары бойынша 2015 жыл үшін дивиденд төленбесін.3. 2016 жылға «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «Делойт» ЖШС анықталсын.
Жалғыз акционердің атынан:
Диденко Ю.