АО Kaspi Group

16.09.2016

«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлері үшін Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша 2016 жылғы үшінші тоқсанға дивиденд төлеу туралы ақпараттық хабарлама.

«Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ акционерлерінің назарына!

«Kaspi Group» (Каспи Групп) акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А», ЖСК KZ67722S000001102884, БСК CASPKZKA, «KASPI BANK» АҚ, КБе – 15, БСН 060240016519, телефон: (727) 356-34-23, 2016 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша артықшылықты акциялар бойынша, бір артықшылықты акцияға 10 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы хабарлайды. Дивидендтерді төлеу басталатын күн – 2016 жылғы 23 қыркүйек. Төлем ақшаны акционерлердің банктік шоттарына аудару арқылы жасалады.